Нет обложки
Категория: Статьи
Год: 2012


Скачать

1679

Обзор

С. Сүңғатай Адырна жəне Кунхоу: ерте темір дəуіріндегі көшпелілер мен қытай мəдени байланыстарының куəсі // «ХХІ ғасырдың басындағы Отандық археология жəне этнологияның мəселелері мен жетістіктері» атты Ə.М. Оразбаевтың 90 жылдығына арналған «IV Оразбаев оқулары» республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары / құраст.: Р.С. Жұматаев, Ж.М. Терекбаева, А. Айтқали; жауапты ред. А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 133-135 бб.


Бірсыпыра көшпелі халықтарда, əсіресе қазақ халқының музыкалық мəдениетінде күні бүгінге дейін жақсы сақталып келе жатқан көне саз аспаптарының бір – адырна. “Қазақстан: Ұлттық энциклопедиясында”: “Адырна – қазақтың көп ішекті шертпелі саз аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі əуелде садақ тəріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тəрізді аңдарға ұқсатылып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып, кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см. келеді, 7- ден 13-ке дейін ішектер тағылады”– деп жазылған (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – І том. – Алматы, 1998. – 103 б.). Адырна саз аспабын қазақтар садақ тəрізді жасап, шанағын марал, таутеке, бөкен, бұғы, өгіз жəне т.б. жануарларға ұқсатып жасайтын болған.
Адырнаны қазір Ықылас атындағы қазақ саз аспаптары мұражайынан көруге болады. Сондай-ақ адырна аспабы елімізде бірсыпыра этно-фольклорлық музыкалық ансамбілдерде негізгі аспап ретінде қолданылады. Сондай-ақ бұл аспап Қытай мен Моңғолия қазақтары арасында осы күнге дейін сақталған. Елімізде көптен бері “Адырна” деп аталатын көне аспаптар ансамбьлі күні бүгінге шейін жұмыс істеп келеді.

Дата размещения: