Астана қаласындағы Ұлттық музейдің Кіші акт залында Науырыздың екінші күні көне түріктердің Моңғолиядағы Шивээт улаан культтік-ғұрыптық есткерткішінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері баяндалатын «Ежелгі түріктерің Шивээт улаан ғүрыптық кешені» атты қазақ, орыс, моңғол, ағылшын және түрік тілдерінде жарыққа шыққан ұжымдық еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті. 

7

Кітап авторлары елімізге танымал археолог, ғалым Зайнолла Самашев, Моңғол елінің бірінші археологы Цэвээндорж Дамдинсурэнгийн, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ақан Оңғар және Ә. Марғұлан атындағы Археология институының аға ғылыми қызметкері Айдос Чотбаев.

1

Шивээт улаан ғүрыптық кешенінде З. Самашевтің басшылығымен археологиялық зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру аясында 2007-2009 жж. және 2015–2016 жж. Еліміздің Білім және ғылым министрлігінің «Халық тарих толқынында» бағдарламасы негізінде іске асырылды. 

3 5

Осы уақыт аралығында кешеннің топотүсірілімі, кешен орналасқан аумақта сақталып қалған, сондай-ақ одан тысқа әкетілген монументалды өнер туындыларын – антроморфты, зооморфты және полиморфты мүсіндердің қалған бөліктерін, сонымен бірге тас стеладағы таңбаға ұқсас белгілерді қысқаша сипаттаужәне топтау сияқты шаралар атқарылды. Осындай жұмыстардың нәтижесі 10 аса ғылыми мақала мен «Көне түркі таңбалары» және «Көне түркі графикасы» атты екі ғылыми монография баспадан шыққан.

14 15

Бұл басылымның негізгі мақсаты 2007 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен таныстыру, сондай-ақ, ғылыми ортаға көне түрік заманы ескерткіштерін зерттеудің маңыздылығын көрсету, ғалымдардың пікірлері негізінде кешенді, жалпы көне тұрік мұрасын зерттеудің болашақ бағытын айқындау болып табылады.

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі осы еді. Ұлттық музей тарапынан ұйымдастырылған шараға академик Б. Көмеков, түркітанушы, филолог С. Қаржаубайұлы, әдебиеттанушы Т. Жұртбай, этнограф, суретші, рестовратор А. Қалиолла, деректанушы, қытай тілінің маманы Б. Ежеханұлы, археолог, Астана іргесіндегі түріктердің Бозық қалашығын ашушылардың бірі М. Хабдуллина, Алтын Орда дәуірінің маманы А. Кушкумбаев, әдебиеттанушы А. Тойшанұлы және т.б. археолог, тарихшы мамандар мен көне заманға қызығушылық білдіретін қауым жиналып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, кітап туралы жылы лебіздері мен сын-ескертпелерін айтты. 

Алғашқылардың бірі болып сөз алған Сартқожа Қаржаубайұлы 1970 жылдары университет бітіре сала, жұмысқа тұрғандағы ең алғаш барған осы Шивээт уланнтуралы өзінің естеліктерімен бөлісте. Осы кешеннен табылған тастан қашалып Құтылығ (Елтеріс)? қағанның құрметіне жасалынған мүсіннің басының Еуразия Ұлттық Университетіне әкелу хикаясымен бөлісті.

9

Сондай-ақ, ғалым ежелгі түрік дәуірін зерттеуші тарихшы, археолог ғалымдар тарапынан ескеріле бермейтін терминологиялық мәселелерге тоқталды. Солардың ішінде «Ашина» сөзі тайпа атауы емес, ол соғды тілінде «көк», «аспан тектес» деген мағына беретіндігін, бұны С. Кляшторный өзінің еңбектерінде дәлелдеп кеткендігін атап өтті. Сонау Томсен, С. Маловтардан бері үзілмей келе жатқан «Тәңір» сөзінің мағынасы «Аспан» емес, «Құдай», «Алла» деген мағына беретіндігін, себебі түркі жазбаларында кездесетін «Тәңір тек» сөзіндегі «тек» тіркесінің мағынасы қазақ тілінде «жалғыз», «бір» деген мағынада, ал моңғол тілінде «тек» дегеніміз «0» (нөл) деген мағынада қолданылатындығын, яғни «Тәңір тек» - «Тек құдай», «жалғыз құдай», барлық жаратылыстың бастауы құдай деген мағына беретіндігін атап өтті. «Тәңір» сөзін - «Аспан» мағынасында түсінбеуге шақырып, осы мәселеде сақтық таңытқан жөн екендігін ескертті. Археологтар мен тарихшылардың тағы бір қателесіп жүрген терминдерінің бірі «Балбал» сөзіне тоқталған ғалым: «Балбал» - дегеніміз қада тас - кешеннен шығысқа қарай тізбектеліп орнатылып, ұшы солтүстікке қарай қайырлып келетін тас». Ал антропоморфты тастарды «тас мүсін» деп атаудан алшақтап, ежелгі түрік жазбаларында кездесетін «аңыр» сөзін қолдануға шақырды. Мүсін, сурет сөздері біздің тілімізге арап-парсы тілдерінен енгендігін атап өтті. Тас мүсін қойылған кешендер түркі дәуірінде жерлеу орындары емес, тәу етіп, мінажат ететін орындар болғандығын, осы сияқты дүниелерге көңіл бөліп жүруге, терминдерді қолданғанда түрік тілінде бар, ата-бабаларымыз қолданған сөздерді қолдануға, Махмуд Қашғари сияқты тұлғаларымыздың еңбектерін пайдалануға ұндей отыра сөзін аяқтайды. 

Келесі болып сөз алған Академик Болат Көмеков, көшпелі мәдениетті зерттеуде баса назарға ұстайтын факторларды тізіп өтті. Солардың бірі «Далалық өркениет» және көшпенділер қоғамының «Толыққанды» (Самодостаточность) қоғам болғандығы. Тарихи әдебиеттерде «Далалық өркениет» ұғымына қатысты зерттеу жұмыстары біршама болғандықтан, Академик ағамыздың «Толыққанды» қоғам ұғымына қатысты ғанаойларын жеткізбекшіміз. Болат Ешмұхамбетұлының тұжырымы бойынша көшпелі қоғамда мәдени-шаруашылық типтердің барлық түрлері болғандығын, шаруашылықтың негізгі түрі мал шаруашылығы болғанымен егіншілік, металлургия және т.б. шаруашылық түрлерінің қатар дамуы, көшпелі қоғамның ешқашанда отырықшы қоғамға толықтай тәуелді болмаған көрсететіндігін жеткізді. Шивээт улаан кешенінде табылған 60-жуық тайпа таңбасы ойылып жазылған таста, ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Гаспринский көтерген түркіхалықтарының бірлігі идеясының қайнар бастаулары жатқандығында атап өтті. 

8

«Акинак», «Ұраным Алаш» атты еңбектер жазу арқылы тарихи ой-сананы ояту бағытында еңбек етіп жүрген Тұрсын Жұртбай ағамыз Шивээт улаанға барғандағы басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, таңбасы бар таста көз жасының тамшысы қалғандығын тебрене жеткізіп, Қыпшақ, керей, алшын руларының таңбаларының болуы, кейбір ұсақ рулардың таңбаларының өзгеруі сияқты мәселелерді айта келе: «...бұл таңбалар ұлттық брендтіміз, осы таңбаның басымызды бір қазанға қосып, үш жүз деген жоқ, бір тас, бір төбе, бір символ» деп өз сөзін аяқтады. 

Ежелге және ортағаасырлардағы көшпелілердің киімдерін, қару-жарақтарының тарихи жаңғыртпасын жасап жүрген, этнограф, суретші Қалиолла Ахмеджан ағамыз, кешендігі әр мүсіннің үстіндегі киімінің, қару-жарағының, белдігінің, сол белдікке ілінген заттардың ерекше екендігін, осы бағытта зерттеу жұмыстарын тереңдете түсу қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, келесі болып сөз алған Айболат Кушкубаев таңбаларды кешенді түрде Алтай және Еуразия даласының басқа да өңірлерінде кездесетін таңбалармен салыстырмалы түрде зерттеудің маңызы зор екендігін, себебі, екінші түркі қағанатының таңбасы деп көрсетілген таңбаның географиялық және хронологиялық шеңберде өте кең таралғандығынкөрсетіп өтті

10 

Танымал археолог Марал Хабдуллина Шивээт улаан сияқты кешендердің қалыптасуына Орталық Қазақстан территориясындағы Беғазы-Дәндібай кешендерімен байланысы, жалпы түріктердің және түрік жазуының пайда болу мәселесі. Олардың шыққан жерлері сияқты теориялық бағытта жұмыстарды жүргізуге шақырып, кітаптың өте жоғарғы деңгейде жазылғандығын, ұсынылып отырған тұжырымдардың нақты дәйектер арқылы қуатталып отыратындығын ризашылдығын білдірді.

Бүгінгі жиыннан түйгенім бұл кешенің хронологиялық атрибуциясына, статусына және компоненттерінің құрылымдық ерекшеліктеріне қатысты көптеген сұрақтар әзірге жауапсыз қалып отыр. Оның себебі бұл ескерткіш негізінде әлі күнге дейін археологиялық қазбалар мен тыңғылықты құжаттық зерттеулер жасалмағандығында. Осы себепті ежелгі түрік дәуіріне қаысты біршама өзекті мәселелер өздерінің толыққанды шешімін таппауда. 

Жиын соңында сөз алған «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының» директоры Андрей Равильұлы 2017 жылы отырған жұртшылықты келесі жылы да кешенде ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылатындығын айтып қуантып тастады. 

Осылайша, кешенді, кешенді әрі тұрақты түрде зерттеу арқылы біз өткен тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің жабатындығымызға сенемін.

IMG 1822