2214

Обзор

Самашев З., Сұңғытай С., Жұмабекова Г. Алтайдағы Берел обалары // Абай. - 2000. - №1. - Б. 6-10.
1998 жылы ҚР ҒА-ның Ә.Х. Mapғұлан атындагы археология институтының қазақ-француз біріккен археологиялық экспедициясы (ҚФАЭ) қазақ Алтайының биік таулы аңғарындағы ежелгі көшпелілердің жерлеу ескерткіштеріне кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді қолға алды.
ҚФАЭ-ның зерттеу үшін осы аталған аймақты таңдап алуы кездейсоқ болған жоқ. Өйткені, қасиетті Алтай төңірегі – ежелгі көшпелілер өркениетінің алтын бесігі, өзінің географиялык орналасуындагы тиімділігіне байланысты өте көне замандардан бері Евразия кеңістігінде өткен көшпелі халыктардың толассыз көші-қон процесстерінің тоғысар торабы, алуан түрлі зтно-мәдени байланыстардың қайнаған ортасы болды. Сондықтан да Алтайды тарихи-археологиялык тұрғыдан жан-жақтылы зерттеудің өзі ежелгі көшпелілер өркениетінің төлтума, әрі синкретті болмысын айқындау, түрлі тарихи мәдениеттердің өзара сабақтастығын анықтау істерінің шешуші түйіні болар сөзсіз.
Соңғы оншакты жыл аясында Қытайдың Синьцзян өлкесінің бірсыпыра аудандарынан кейінгі қола және ерте темір дэуірінің ескі қорымдарынан табиғи-климаттык жагдайларға байланысты қатып-семіп, мумияланган адам мүрделерінің көптеп табылуы, әсіресе, осы 90-шы жылдардың басынан бері Ресей археологгарының Қазақстан шекарасының іргесінен – Алтайдың Үкөк таулы үстіртіндегі Ақ-Алаха, Құтырғантас обаларынан «мөңгілік тоң» астында мұздап-қатып мумияланган адам және жылкы мүрделерін табуы бүкіл әлемнің, өсіресе, казак археологтарының күшті ынта-ықыласын тудырды. Өйткені, «Алтай кереметі» деп аталып кеткен мұндай тоң баскан обалар археология ғылымының тарихында ең бірінші рет 1865 жылы қазақ жерінде, онын ішінде дөл осы Берел қорымдарында атақты ғалым В.В. Радлов тарапынан естелікке алынып, тұңғыш қазба жұмысы жүргізілген еді.
Қазіргі заманғы ғылымда осындай «мәңгілік тоңдаган» обалардан алынған органикалык матерналдар мен адам және жылқы мүрдесінің қалдыктарын молекулярлык биология, генетика, медицина, антропология, палеозоология жѳне т.б. жаратылыстану ғылымларының ец жаңа жетістіктері аркылы аса жогары ғылыми деңгейде зерттеп- білудің мүмкіндігі бар. Қазақстанда осы тектес ескерткіштерді ашып, кешенді түрде зерттеу жүргізудің қай жағынан болмасын мығымдылығы мол, сонымен бірге ол аса маңызды ғылыми әрі практикалық мәнге ие. Себебі, бұл арқылы ең алдымен евразиядагы іргелі де ұзак тарихқа ие қазақ үлтының этногенезін, нақтылап айтқанда, қазақ жеріндегі ежелгі тайпалардың генетикалык кодының кейінгі ұрпақтарына ауысуы мен өзгеріске ұшырауы проблемасын жан-жақтылы зерттеп анықтауға болады.
Бұдан сырт, осы заманғы ғылымда археологиялық ескерткіштерді сақтаудың, жөндеп қалпына келтірудің және зерттеп танудың жаңа ғылыми әдіс-тәсілдер жарыққа шығып отыр. Бұл да бұрын белгілі және белгісіз болып келген тарихи-мәдени мұрағаттарды жаңа қырынан зерттеп-зерделеп, қазақ мәдениетінің түп-төркінің және қалыптасу кезеңдерін одан әрі тереңдей айқындап білудіц көкжиегін кеңейте түсер еді.

 

Дата размещения: